Covid-19ҚоғамСемейТОП

Семейде халықты қайта вакцинациялау науқаны жалғасуда

Бүгінгі таңда №6 аралас түрдегі емханада 5000-ға жуық адам қайта вакцинацияланды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы онлайн-брифингте Семей қаласының №6 емханасының эпидемиолог-дәрігері Аяулым Аукенова мәлімдеді.

–Бүгінгі таңда біздің емханада ревакцинация үшін “QazVac”, “VeroCell”, “Спунтник лайт” және “Pfizer”сияқты вакциналар қолжетімді. Бұл екі дозалы вакцина, яғни бөтелке екі адамға ашылады. 0,5 мл-ден енгізіледі.”QazVac” – үш дозалы вакцина, қытайлық” VeroCell “екі дозалы вакцина,”Pfizer” – алты дозалы вакцина, ол белгілі бір контингентке арналған. Олар 16-37 аптадан бастап жүкті әйелдерге, емізетін аналарға және 12-18 жас аралығындағы балаларға егіледі. Сондай-ақ, қаулыға сәйкес 60 жастан асқан адамдарды вакцинациялау мақұлданды. Бүгінгі күні біздің емханада 4 888 адам ревакцинация алды. Оның ішінде “Pfizer” 2 015 бала, 23 жүкті және 66 бала емізетін ана бар. Сондай – ақ, вакцинацияға 60 жастан асқан адамдар белсенді түрде барады, – дейді Аяулым Аукенова.

Маманның айтуынша, “Спутник V” егілгендерді “QazVac” немесе “VeroCell”вакциналарымен қайта вакцинациялау керек. “QazVac” немесе “VeroCell” вакциналарын бұрын алғандар “Спутник лайтпен”қайта вакцинациялануы тиіс.

– “Спутник” – векторлық вакцина  болғандықтан, ревакцинация үшін белсенділігі жойылған вакцинаны пайдалану керек. Белсенді емес вакцинамен вакцинацияланған адамдар ревакцинация үшін векторлық “Спутник light” таңдау керек. Емханаға өз бетінше келе алмайтындар үшін бізде мобильді бригадалар мен вакцинациялаудың жылжымалы пункттері жұмыс істейді, – деп қорытындылады Аяулым Аукенова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button