ҚоғамСемейТОП

Семейдің  соттары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

Қалалық соттардың өкілдері 2021 жылдың жұмысын қорытындылады

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған сот 5319 әкімшілік істі қараған. Тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен 796 іс тоқтатылған. Бұл туралы АКҚ-де өткен онлайн-брифингте сот төрағасы Ескендір Шыныбаев мәлім етті.

–Өткен жылы сот “Түнгі сот” пилоттық жобасын іске асыру аясында 71 істі қарады. Барлық сот процестері аудио және бейнежазбаны пайдалана отырып жүргізіледі. Тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізілуде, – деп хабарлады Ескендір Шыныбаев.

Семейдегі ювеналды сотқа өткен жылы 419 азаматтық іс түскен.

– Барлығы 383 азаматтық іс қаралды. Іс жүргізу негізінен талап қоюдан бас тартуға, бітімгершілік келісім жасасуға, медиация тәртібімен немесе партисипативтік тәртіппен тоқтатылады, – деп хабарлады  ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының м.а. Сарқытхан Торғаев.

Өткен жылы әскери сотқа  29 адамға қатысты 25 қылмыстық іс түскен.

– Есептік кезеңде айыптау үкімін шығарумен 24 адамға қатысты 19 қылмыстық іс қаралды. Азаматтық істер бойынша 208 іс келіп түсті. Оның ішінде 205 іс аяқталды. 144 іс бойынша шешім шығарылды. Сот бұйрығы 20 іс бойынша шығарылды. Барлық сот отырыстары аудио-бейнетіркеу арқылы өткізілді, – деп қорытындылады Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы Айдар Секенов.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Осы айдарда

Back to top button