
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында Шығыс Қазақстан облысының аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының мекенжайлары мен тұрғылықты жерлеріне, базарларына тексеру жүргізілуде.
Үржар ауданының Бақты ауылын тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының 6 азаматы анықталды, олар еңбек қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсатынсыз «көлік жуу» орнын салумен айналысты.
Аталған бұзушылық үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қабылдаушы тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Semeynews.kz