ҚоғамСемейТОП

Семейде заңсыз құрылыстың фактілері прокуратураға жіберілетін болады

Семей қаласы әкімдігінің кеңейтілген аппараттық кеңесінде сәулет және қала құрылысы туралы мәселелер қаралды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласының бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 707 қаулысымен бекітілген. Бас жоспарды әзірлеу кезінде қала халқының саны 281,5 мың адамды құрады, аумағы – 21 720,0 га. Іске асыру мерзімі: 2025 жылға дейін, тұрғындар саны шамамен 400 мың адамды құрайды. Ал аумақ 31 372,0 га дейін кеңейеді.

Бас жоспардың негізінде, Семей қаласының оң және сол жағалау бөліктерін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленіп, бекітілді.

Қаланың оң жағалауындағы 5 ауданда келесі жұмыстар жоспарлануда:

  1. «Татар кентінің» орталық бөлігінде және ауданында көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар салу үшін жеке тұрғын үйлерді бұзу жоспарланған;
  2. 5-ші, 40-шы, 342-ші, 343-ші, 352-ші кварталдарда, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ (в Северной промзоне) пен Қарағайлы ауданында көп қабатты тұрғын үйлер салу;

Қаланың сол жағалауындағы Юность, Новостройка, Цементный кентінде, 14-ші, 15-ші тұрғын аудандарында құрылыс жоспарланған.

Сондай-ақ, Шүлбі кенті, Приречный, Озерки, Прииртышское, Мұқыр, Новобаженово және Қайнар ауылдары аудандарының қала құрылысын дамыту сұлбалары (бас жоспар) әзірленді.

Бас жоспар аясында, қала маңындағы аумақтарда жалпы ауданы 4 070,3 га болатын он екі тұрғын үй алабы анықталды. Бұл жеке тұрғын үй құрылысы үшін 13715 жер телімін  және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді құрайды.

Қазіргі таңда, Семей қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға азаматтардың тізімінде 23 827 адам тұр.

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған аумақтарды игеру үшін жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды  (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) жүргізу 3 кезеңге бөлінген.

Бірінші кезең – ауданы 322 га. 2 тұрғын үй алабы, 1 695 жер телімі, Ұшақтар кентінде (765 жер телімі, 162 га) және Комсомольский кенті (930 жер телімі, 160 га). Іске асыру мерзімі 2019 – 2022 жылдар аралығында.

Екінші кезең – ауданы 396 га, 1 тұрғын үй алабы, Ақсай ауданында 1 700 жер телімі (1700 жер телімі, 396 га). Іске асыру мерзімі 2022-2026 жылдар аралығында.

Үшінші кезең – Суық бұлақ кентіндегі 9 тұрғын алабы, 3 352,3 га, 10 320 жер телімі (1 520 жер. телімі, 940 га), Бобровка кентінде (200 жер. телімі, 205,7 га), Жарқын (2 900 жер. телімі 506,6 га), Ақ-Қайың (600 жер. телімі, 300 га). Жібек Жолы (2 600 жер. телімі, 600 га), «кіші Актюба» (2 000 жер. телімі, 600 га), Степной (500 жер. телімі, 200 га). Іске асыру мерзімі 2027-2031 жылдар аралығында.

Ағымдағы жылы Красный кордон және Водный кенттерінің жобаларын жоспарлау толық әзірлеу аяқталды.

Қаланы толық қамту үшін Шығыс кенті, Дальний, Құс фабрикасы, Мирный, «Кожзавод», «Пристань», «Борцов революции», Нахаловка, Западный кенттері мен Бейбітшілік аралы аудандарының жоспарлау жобаларын әзірлеу қажет.

25 ауыл бойынша, Абыралы, Алғабас, Айнабұлақ, Самай, Ақбұлақ, Танат, Достық, Шақаман, Бөкенші, Маралды, Бұлақ, Көкентау, Кенжебай, Қараөлең, Жаңа жол, Қаракөл, Половинка, Талшын, Балтерек, Тепкаши, Талица, Гранитное, Мұздыбай, Шөптығақ Жазық аудандарының қала құрылысын дамыту сұлбаларын әзірлеу талап етіледі.

Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруінің маңызды шарттарының бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ, оны сатып алудың қол жетімділігі.

Бас жоспарға сәйкес, Семей қаласының оң жағалауында «Қарағайлы» тұрғын ауданының жоспарлау жобасы әзірленді, аумағы 293,0 га, халқының саны 35,6 мың адам және тұрғын үй қоры – 1188,5 мың м2.

Аталған тұрғын ауданда бірінші қабатта қызмет көрсету объектілері, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, көше-жол желісі және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілері бар 227 тұрғын үйдің құрылысы көзделген.

Қазірдің өзінде Назарбаев зияткерлік мектебі, 5600 орындық мәдени және спорт кешені салынды. Жобамен 1200 орындық 4 жалпы білім беру мектебі, 320 орындық 5 балабақша, 500 көрерменге арналған Мұз модулі және теннис орталығы қарастырылған. Бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 217,8 мың ш.м. 39 үй салынды, пәтерлердің жалпы саны 2746.

Ені 6 метр өту жолдары және автокөлік құралдарын уақытша ашық сақтау үшін автотұрақтар алаңы бір пәтерге 1,5 көлік/орын есебінен жобаланған.

2021 жылы бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 69,9 мың ш.м. 13 көп қабатты тұрғын үй салынды, пәтерлердің жалпы саны 901.

Жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 39,8 мың ш.м. 11 коммерциялық көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтерлердің жалпы саны 389.

86502,5 ш.м. жеке тұрғын үй құрылысы салынды және пайдалануға берілді. Оның ішінде 75307,5 ш. м. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке инвестициялар салумен 11195 ш. м. жеке тұрғын үй салынды.

2022 жылға «Нұр-Сұлтан – Павлодар – Қалбатау – Өскемен» Республикалық маңызы бар автомобиль жолы бойынша айналма жол салу жоспарланған. Бұл ауыр салмақты автокөліктерді Семей қаласынан шығаруға, жол-көлік оқиғаларының санын және қала көшелеріндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Жоба қала экологиясына да оң әсерін тигізеді.

Сондай-ақ, Ертіс өзені арқылы өтетін ескі көпірдің құрылысы жоспарланған. (Көпір 1964 жылы пайдалануға берілген).

Көпірдің жалпы ауданы – 10800 м2.

Семей қаласының сәулет-қала құрылысы келбетін жақсарту үшін шағын және орта бизнес объектілері орналасқан ғимараттардың келбеті мен бірінші қабаттардың эскиздік жобалары әзірленді. Бұл Абай көшесі, Шәкәрім даңғылы, Қабанбай батыр көшесі және Қайым Мұхамедханов көшесі шекараларындағы қаланың орталық бөлігі.

Ескі 30-дан астам көп қабатты тұрғын үй іріктелді. Бірінші кезеңде Шәкәрім даңғылы бойында орналасқан 19 эскиздік нұсқа келісілді.

2, 5, 9, 16 қабатты тұрғын үйлерді жөндеу бойынша жобалық-сметалық есептер жүргізілді. Көп қабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары 2022 жылға жоспарланған.

2022 жылы жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 43,6 мың шаршы метр болатын 390 пәтерлі 11 көп қабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

«Қарағайлы» тұрғын ауданында мемлекеттік қаражат есебінен жалпы ауданы 130,7 мың ш.м., жалпы пәтер саны 1696 болатын 24 көп қабатты үйдің құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Қарағайлы» ауданында 2022 жылға жалпы ауданы 87,7 мың ш.м., 1017 пәтер және 13 коммерциялық үй бар, оның ішінде 5 үй – кепілдік берілген тұрғын үй құрылысы қоры арқылы және 8 үй «Ертіс ӘКК»ҰК» АҚ-мен бірлесіп салынатын болады.

Ағымдағы жылға барлығы 76 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысын пайдалануға беру жоспарланған.

Отырыс қорытындысы бойынша, Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов заңсыз құрылыс жағдайларының жолын кесуді тапсырды. Осы мәселелер бойынша тұрғындар әкімдікке өтініштер қалдырған. Мұндай жағдайлар дереу прокуратура органдарына тапсырылуы тиіс.

«Салынып жатқан нысандарды жылуға қосу мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Жаңа нысандар үшін қуат жеткілікті. Бірінші кезекте, жылу профициті бар аудандарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін ұсыну қажет», – деді Бақытжан Байахметов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button