ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

Екі шығысқазақстандық сілеусін аулаған

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында сілеусін аулаған екі шығысқазақстандық анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жағдайды сауықтыру, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында 19 қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан облысының полицейлері күшейтілген қызмет атқару нысанына ауыстырылды.

Жедел алдын алу іс-шарасының 6 күні ішінде 138 қылмыс тіркелді, 93 қылмыс ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 42 қылмыс ашылды.

Бұдан басқа, «Құқықтық тәртіп» шеңберінде 2533 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуы. Учаскелік полиция инспекторларымен 1160-қа жуық жалдамалы пәтер, 72 қараусыз қалған үй, 1747-ден астам саяжай тексерілді.

ЖПІШ жүргізу барысында 21 қаңтарда Ұлан ауданы ПБ ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Каменка ауылының «Хансар» учаскесінде иттермен, 2 сілеусінді заңсыз аулау фактісін анықтады.

“Аталған факті бойынша тиісті рұқсатсыз аң аулаған Каменка ауылының 32 және 49 жастағы екі тұрғыны анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК – нің 382-бабы 1-бөлігі «Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер көлік құралдары жүргізушілерінің жол ережесін бұзғандарын анықтап, жолын кесуде. Облыс жолдарында мас күйінде 27 жүргізуші ұсталды, автокөліктер арнайы тұраққа қамалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button