ҚоғамСемейТОП

Семейдегі Қаржайбаұлы және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы бағдаршам іске қосылды

Семейде көлік жүктемесі көп қиылыстардың бірі - Қаржайбайұлы және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы бағдаршам бірнеше күннен кейін іске қосылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аталған көшелер қиылысындағы бағдаршам өткен демалыстан бастап, яғни 22 қаңтардан бастап істемей тұрды, бұл өз кезегінде көлік кептелісін туындатып, жүргізушілер тарапынан наразылық тудырды. Жағдай жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің бағдарлауының көмегімен шешілген болатын.

  • Мен осы ауданды айналып өтуге тырысатынмын, маневр жасауға қорқасың, өйткені көлік ағымы күшті. Бізде осындай жағдайларды жүзеге асыратын мамандар жетіспей ме, адамдар жоқ па? – деп өз пікірімен бөлісті Яндекс таксиінің жүргізушісі.

Қалалық жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімінде аталған жағдайға түсінік беруден бас тартып, телефонды қоя салды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button