ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да “Тұрмыс” ЖААШ басталды

Шығыс Қазақстанда “Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Semeynews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24-30 қаңтар аралығында отбасында алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ, криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында “Тұрмыс” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Полиция отбасында орын алатын құқық бұзушылықтар, рецидивтік қылмыстар жасауға бейім адамдарды анықтау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Қорғау нұсқамалары шығарылған не мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылады.

“Азаматтардан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар, сондай-ақ, спирттік ішімдіктерді заңсыз сату туралы қандай да бір ақпарат алған жағдайда “102” арнасына хабарлауды сұраймыз”, – деді полиция қызметкерлері.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button