ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да өткен демалыста 13 өрт оқиғасы тіркелді

Шығысқазақстандық құтқарушылармен өткен демалыс күндері 13 өрт сөндірілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ауа-райының күрт  суытуынан өрт оқиғалары жиі орын алуда. Өткен демалыста өңірде 5 көлік, 1 шаруашылық құрылыс пен вагон, монша және 5 тұрғын үй өртенді.

Жекелей тоқталатын болсақ:

22 қаңтарда Семейде Шәйжүнісов көшесінде қозғалыс кезінде 1998 жылы шығарылған Хонда Аккорд көлігінде өрт шықты. Көліктің ішкі қаптамасы, арты доңғалақтары өртенді. Өрттің жалпы алаңы 1,5 шаршы метр. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары құрылғыларды абайсыз ұстау.

Сол күні, дәл осындай себептермен облыс орталығында Сәтпаев даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тұрған 1992 жылы шығарылған, Ауди-80 көлігінде өрт болды. Көліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт шығып, кейіннен ішкі салонына шарпыған. Құтқарушылармен 2 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау сөндірілді.

Алтай қаласында Сереный тұйық көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы монша өртенді. Құтқарушылармен 24 шаршы метр алаңдағы қызыл жалын сөндірілді. Өрттің шығу себебі, алдын ала болжам бойынша – отты абайсызда пайдалану.

Осы күні Шемонаиха қаласында жеке тұрғын үйде өрт тіркелді. Үй дәлісінің ағаш жабындысы, шатыры өртенді. 35 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау құрықталды. Өрттің шығу себебі: пешті орнатуда және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Семей қаласында Тоқжігітов көшесінде жер үйдегі пештің айналасындағы ағаш құрылыстары өртенді. 3 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдынала болжам бойынша өрттің шығу себебі – пешті орнатуда және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

23 қаңтарда Кожкомбинат көшесінде ашық алаңда уақытша тұраққа қойылған 1992 жылғы Ауди-80 көлігінде өрт шықты. 1 шаршы метр алаңдағы құралдар панелінің жанғыш бөліктері жанып кетті. Қауіптілігі жоғары құрылғыларды абайсыз ұстаудан өрт шыққан.

Глубокое ауданында Тарханка ауылында жер үй ауласында орналасқан шарушалық құрылыста өрт болды. Құтқарушылармен 34 шаршы метр алаңдағы қызыл жалын сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Риддер қаласында Заречная көшесінде орналасқан үйлердің бірінде асхана бөлмесінде өрт шықты. Төбе жабындысының ағаш бөліктері, қабырғасы, терезе және есік бөліктері, жиһаздары мен жеке заттары өртенген. 20 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің шығусебебі – пешті орнатуда және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Күршім ауылында мұз алаңы аумағында спорттық жабдықтарды жалға беретін жеке тұрған вагон өртенді. 18 шаршы метр алаңдағы өрт құрықталды. Өрттің шығу себебі – электр құралдарын орнатуда және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Семей қаласында Красин көшесінде жер үйде өрт шықты. Үйдің пеш орналасқан орын-жайындағы төбенің ағаш бөлігі өртенді. Өрттің жалпы алаңы – 6 шаршы метр. Өрттің шығусебебі – пешті орнатуда және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Өскемен қаласында «Титан» саяжай қоғамы аумағында, 12 көше бойындағы жер үйдің гаражы, шаруашылық құрылыстың ағаш бөлігі, сонымен қатар гараж ішінде тұрған ВАЗ көлігінің қозғалтқыш бөлігі, салоны, доңғалақтары өртенді. Өрттің жалпы ауданы – 54 шаршы метр.

Астана көшесінде ГАЗель көлігінің қозғалтқыш бөлігінде өрт шығып, басқару панеліне шарпыған. Өрт сөндірушілермен жедел түрде 3 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.

24 қаңтарда Камышенка ауылында жер үйдің гаражында өрт шықты. Гараждың ағаш бөліктері, сондай-ақ ішінде тұрған 1998 жылы шығарылған Мерседес көлігінің салоны, басқару панелі, доңғалақтары өртенген. Құтқарушылармен 45 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау құрықталды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары құралдарды және отты абайсызда пайдалану.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button