ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да жол апаты: Төрт адам көз жұмды

Жарма ауданында жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам көз жұмыды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД бапсасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қаңтарда сағат 13:00 шамасында Жарма ауданында “Омск-Майқапшағай” тас жолының 924/150 шақырымында Kіa Rio және Mitsubishi Outlander көліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Kіa Rio көлігінің жүргізушісі және оның екі жолаушысы,  Mitsubishi Outlander көлігіндегі жолаушы өміргше сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Mitsubishi Outlander көлігінің жүргізушісі және оның тағы екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button