
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел күндіз сағат 14:00 шамасында ұлы үйінің ауласына серуендеуге кетіп, өтініш бергенге дейін оралмағанын айтқан.
Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ ювеналды полиция қызметкерлерімен ұйымдастырылған іздестіру және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған оқушының орналасқан жері бірнеше сағат ішінде анықталды. Белгілі болғандай, жасөспірім анасына ренжіп, аулаға шығып кеткен, алайда полиция қызметкерлері баланы қала ортасындағы сауда үйлерінің бірінен тапқан.
“Полиция органдары мен қала тұрғындарының бірлескен үйлесімді жұмысының арқасында бала іздестірілді. Жоғалған оқушының орналасқан жерін анықтағаннан кейін ол үйге жеткізіліп, анасына тапсырылды. Оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді”,-деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Андрей Мула.
Табылған баланың анасы кәмелетке толмаған ұлын іздеуге қатысқандардың барлығына үлкен алғыс білдірді.
Semeynews.kz