ҚоғамСемейТОП

Бүгіннен бастап Семейде жеке сектордағы қарларды шығару жұмыстары басталады

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Семей әкімдігінде су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қала басшысы Бақытжан Байахметов Семейдің коммуналдық қызметтеріне жұмыстың біріңғай алгаритмін және су тасқыны кезеңінде әрекет етудің нақтылы жоспарын дайындауды, сонымен қатар еріген қар суы көп жиналатын орындар мен көшелердің тізімін дайындауды, оларды тазалаудың апта сайынғы кестесін әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар қала әкімі ақпан айының басына дейін жеке сектордардағы қарларды шығару жұмыстарын аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

  • Жұмыстың бір бөлігі қазіргі уақытта жүргізілуде. Аптасына бір рет осындай жиналыстар өткізіп, атқарылған жұмыстарды қарастыратын боламыз. Былтырғы жылы мен қала көшелерін көріп шықтым, кейбір көшелерде суағарлар жоқ, ал кейбір арықтар қармен, мұзбен бітеліп қалады. Тұрғындардың айтуларынша, көктем айларында осы көшелерді су басады. Биылғы жылы су басуды болдырмау үшін барлық шаралар қабылдануы керек. Барлық жағдайларды ескеру қажет, – деді Бақытжан Байахметов.

Мұздарды жару жұмыстарына тоқталатын болсақ, биылғы жылы бұл жұмыстар уақытынан бұрын жүргізілуі мүмкін.

  • Бүгінгі күні Семейдегі су тасқыны жағдайы тұрақты. Жару жұмыстарын 10 наурыздан бастап 20 наурызға дейін жүргізу жоспарлануда, бірақта бұл жұмыстар ерте басталуы мүмкін. Қаладағы арықтарды тазалау бойынша «КазЭкспоСервис» ЖШС келісім жасалды. Биылғы жылы ағымдық жұмыстарға және арықтарды күтіп ұстауға 56,9 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Конкурс 2022 жылғы 1 наурызға дейін жүргізіледі. Қазіргі уақытта, конкурс өткізгенге дейін бұл жұмыстарды «Семей Зеленстрой» ЖШС жүргізеде, – деп айтып өтті жиналыс барысында қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Сонымен қатар шаһар басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылдырылатын қолда бар техникалар мен адам ресурстарын қарап шықты.

– Бүгіндері ауа-райы әдеттен тыс жылы болып тұр, қыс аязсыз, өзен әлі қатқан жоқ. Былтырғы жылы осы уақытта мұздың қатуы 30-50 см құраған болатын. Бүгіндері су тасқынына қарсы барлық шаралар қарастырылған. Ертіс өзеніндегі жарылыс жұмыстарын жүргізуге және қар шығаруға бюджеттен қаражат қарастырылған. Бүгін проблемалы 57 көшедегі қарды шығару жұмыстарын бастауға тапсырма берілді. Олар: таткрай, казкрай, Сроства бөлігі, Красный кардон, Шығыс кенті және Жоламан ауданы. Ертеңнен бастап бұл көшелерде қар шығару жұмыстары басталады. Бұл жұмыстарды жүргізуге 100 млн теңге қарастырылған. Конкурс өткізіледі. Бүгін қала әкімі төтенше жағдайларда қолданылатын техникаларды қарап шықты. Бұлар самосвалдар, тиегіштер, мотосорғыштар және басқа да техникалар. Егер жоспарланған шараларды уақытында атқаратын болса, онда бұл техникаларды қолданудың қажеттігі болмайды. Бізде күш пен техникалар бар, бастысы – шараларды уақытында және сапалы өткізу, – деп қорытындылады Семей қ. ТЖ басқармасы бастығының міндеттерін уақытша атқарушы Ернар Жалелов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button