ҚазақстанҚоғамТОП

“ӨКМ Операторы” сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке беріледі

"ӨКМ Операторы" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік меншікке беріледі. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қаулы жобасында айтылды, деп хабарлайдыSemeynews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ӨКМ Операторының қызметін тоқтату туралы қаулы “Ашық НҚА” сайтында жарияланды.

“Ecowaste Solution ЖШС мен Мұхтарова Шынар Оралғазынқызының сыйға тарту шарты бойынша “ӨКМ Операторы” ЖШС-нің жарғылық капиталындағы үлесінің 100 пайызын республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын”, – делінген қаулыда.

Осы құжатта “Жасыл даму” АҚ өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып белгіленгені туралы айтылған.

Бұған дейін Үкімет кәдеге жарату алымы есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алып, “ӨКМ Операторына” қатысты қаулы қабылдағаны хабарланды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 2022 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі “Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы” қаулы қабылданғаны айтылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button