ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да сібір елігін атып алған адам ұсталды

Шығыс Қазақстанда сібір елігін атып алған шемонаихалық азамат ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Жарма АПБ кешкі уақытта полиция қызметкерлері «Семей Орманы» РММ-мен Қалбатау ауылының маңындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақта бірлесіп патрульдеу барысында сібір елігін заңсыз атқан 53 жастағы Шемонаиха ауданының тұрғынын ұстаған.

«Оқиға орнынан шыққан жедел-тергеу тобымен «Ranger» қарда жүру көлігін, 20 калибрлі «Сайга» мылтығы, 7,62 мм калибрлі «BROWNING» мылтығы, сондай-ақ бір елік ұшасы тәркіленді. Келтірілген залал 2 000 000 теңгеден астам сомаға бағаланды», – делінген баспасөз ақпаратында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337–бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды – «заңсыз аң аулау», оның санкциясы 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button