Covid-19ҚоғамСемейТОП

Семейде жыл басынан бастап КВИ-мен науқастанудың 400-ден астам жағдайы тіркелді

Қазіргі уақытта қала және облыс аумағында «омикрон» штаммы анықталған жоқ, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Шолпан Садықова айтып берді.

  • КВИ-мен науқастанғандардың санының артуына байланысты, короновирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша біздің қаламыз «қызыл» аймаққа өтті. Қазіргі уақытта Семейде КВИ-мен науқастанудың 16 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Жыл басынан бастап 400-ден астам жағдай тіркелді, олардың 80%-ы симптомды және 12%-ға жуығы симптомсыз вирус тасымалдаушылар. «Омикрон» штаммына келетін болсақ, қаламызда және облыс аумағында аталған вирусты жұқтырғандар тіркелген жоқ. ШҚО мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгілі бір шектеулер енгізілді. Аталған талаптарды сақтау эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырады, науқастану санын күрт төмендетуді, сонымен қатар қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермейді, – деді Шолпан Садықова.

Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қала тұрғындарын шектеу шараларын сақтауға шақырады, маманның айтуынша, аталған шектеу шараларын сақтау ауырудың санын айтарлықтай азайтады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button