
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Күршім АПБ табиғатты қорғау полициясының инспекторлары «Марқакөл табиғи қорығы» РММ қызметкерлерімен бірлесіп ерекше қорғалатын табиғи аумақ – Марқакөл көлінде рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде балықты заңсыз аулау фактісі анықталды.
Ауданның 45 жастағы тұрғынының қорасын тексеру барысында жалпы салмағы 127,15 килограмм «майқан» тұқымдас балығының 86 бірлігі табылып, тәркіленді.
Шығын сомасы 600 000 теңгеден асады.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz