Covid-19ҚазақстанҚоғамТОП

Омикрон штамымен ауыру көп жағдайда жеңіл және симптомсыз өтеді

Омикрон штамымен ауыру көп жағдайда жеңіл және симптомсыз өтеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін елімізде барлығы 21 мың инфекциялық төсек-орын ашылды. Оның 33 пайызында науқастар жатыр. Реанимациялық төсек-орын – 2 мыңнан астам, оның 16 пайызы бос емес. Резервте 30 мың инфекциялық және 3 мың реанимациялық орындар бар. Өңірлер бойынша стационарлық көмек ұйымдастыру мәселесі тұрақты бақылауға алынған», – деді министр.

Оның атап өтуінше, коронавирустың омикрон штамымен ауыру көп жағдайда жеңіл және симптомсыз өтеді.

«Қысқа 2 күндік жұғу кезеңімен сипатталады. Аурудың еселеп көбеюі де содан. Аурудың алғашқы белгілері – тұмау мен жедел респираторлық аурулардағы сияқты «суық тию» көрінісі, яғни қызу, әлсіздік, бас ауруы, жөтел. Бүгінгі жағдай бойынша аурулардың 80 пайызы, яғни 78 629 ауру амбулаториялық ем алуда. Соңғы аптада анықталған жағдайлардың ішінде ауруханаға жатқызылған адамдардың үлес салмағы – 19,5 пайыз. Стационарға аурудың орта және ауыр дәрежесімен ауыратын пациенттер түсіп жатыр. Бұл ретте емдеуге жатқызылған адамдардың ішінде ауыр және өте ауыр пациенттердің үлесі – 5 пайыз», – деді Ажар Ғиният.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button