ҚоғамОқиғаСемейТОП

ШҚО көктайғақ: автобус жол жиегіне шығып кетті

Шығыс Қазақстанда көктайғақ салдарынан рейстік автобус жол жиегіне шығып кетті, деп хабарлайды Semeynewskz @shygysnews видеопарталына сілтеме жасап.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол оқиғасы ағымдағы жылдың 15 қаңтарында «Семей-Қарауыл» тас жолында орын алған. Жауын-шашыннан кейін қалыптасқан көктайғақта 61 жастағы автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай жол жиегіне шығып кеткен. Автобус салонында 28 жолаушы болған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button