ШҚОҚоғамОқиғаТОП

ШҚО-да өртенген үйден алты баланы эвакуациялады

Өскемендік құтқарушылармен түтінге оранған үйден 18 тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 қаңтарда сағат 20-34 шамасында Шәкәрім даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Өрт сөндірушілер келгенде үйдің кіреберісі қатты түтінге орынған. Құтқарушылармен бірінші кезекте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 18 тұрғын эвакуацияланды, олардың алтауы бала. Пәтердің иесі, 1958 жылғы ер адам дене күйігімен және оның 1984 жылғы қызы жану өнімдерімен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылармен сағат 21:06-да 8 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 18 адам және 6 бірліктегі техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі алдын ала болжам бойынша – шылым шегуде өртті абайсызда пайдалану.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button