ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде әйел адам 5-қабаттан секіріп кеткен

Семейде әйел адам 5-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы 14 қаңтарда Семей қалалық ПБ “102” жедел арнасына 5-қабаттан әйел адамның секіріп кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға Шәйжүнісов көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алды.

“Аталған факті бойынша Семей қ. ПБ Орталық ПБ ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

ҚР ҚК 201-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жария етуге жатпайды.

Әйел адам қазіргі уақытта ауруханада деп түсіндірді полицияда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button