ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы 14 қаңтарда Семей қалалық ПБ “102” жедел арнасына 5-қабаттан әйел адамның секіріп кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға Шәйжүнісов көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алды.
“Аталған факті бойынша Семей қ. ПБ Орталық ПБ ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
ҚР ҚК 201-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жария етуге жатпайды.
Әйел адам қазіргі уақытта ауруханада деп түсіндірді полицияда.
Semeynews.kz