ШҚООқиғаТОП

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірқатар реформаларды жариялаған үндеу жасады

Мемлекет басшысы ұсынған даму бағдарламасы әрбір қазақстандықтың және жалпы елдің тағдырына қатысты көптеген мәселелерге бағытталған

Осы ретте, Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастамасымен, облыс әкімінің орынбасары – Жумадилов Нуржан Сайлаубекұлының төрағалығымен отырыс өтті. Сұйытылған газ бағасын төмендету бойынша өткізілген жиналысқа Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті директоры орынбасары – Набиев Ринат және газ тасымалдаушы ұйым өкілдері қатысты. Жиналыс барысында басқарма басшысы – Акышов Алмат Талғатұлы жаңа баға саясаты бойынша толық түсініктеме беріп, сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында барлық тараптар облыс көлемінде автокөлік газ бағасын 60 теңгеден (шалғай аудандарда – 65 теңге) асырмау туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, аталған баға 180 күнге дейін сақталады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button