ҚоғамҚылмысСемейТОП

Жиһаз жасап беремін: Семейде 51 жастағы алаяқ ұсталды

Семейде алаяқ жиһаз жасап беремін деп қала тұрғынын алдап, қомақты қаражатын иемденген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ «102» жедел арнасына 36 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 2021 жылдың 18 қыркүйегінде бейтаныс ер адам жиһаз жасап беремін деп алдап, оның 223 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 51 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Күдіктіден жауап алу барысында ол кінәсін мойындады.

– Қаскөй тегін хабарландырулар сайттарының бірінде өзгелердің дайындалған жиһаз суреттерін өзінің жұмысы ретінде орналастырып, жиһазды нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағамен дайындауды ұсынған. Тапсырыс берушілердің шақыруы бойынша ол өлшеулерге барып, жүз пайыз алдын ала төлем ала отырып, жалған шарт жасаған. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр, – делінген ведомство ақпаратында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда, оған 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button