ШҚОҚоғамТОПШҚО

Субсидиялау: Ашық және әділ жүйе қажет

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты Маржан Бахытқызы жұмыс сапарымен Жарма және Бесқарағай аудандарында болып, ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Іссапардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілетін субсидияларға Агенттік тарапынан жүргізілген кешенді сыртқы талдау нәтижесін шаруа қожалықтарының басшыларына жеткізу.

Маржан Бахытқызы жоғарыда аталған аудандарда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына жүргізілген ауқымды талдау нәтижесінде анықталған кемшіліктер, фермерлерді алаяқтық жолмен алдау фактілері туралы кеңінен баяндап, кәсіпкерлерді қол сұғушылықтан сақтау, әр түрлі алаяқтық жолмен субсидия алудан қорғау жолдары туралы және субсидия алудың тәсілдері бойынша кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшілері, «Nur Otan» және «Ауыл» партияларының өкілдері мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Сондай-ақ, шаруа қожалық өкілдері агроөнеркәсіптік кешенді және ветеринарияны субсидиялау саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу бойынша сауалнамадан өтті.

Сонымен қатар, бұл кездесулер басқа аудандарда 2022 жылдың қаңтар айының екінші декадасында жалғасын табады деп жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button