ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғынынан гашиш тәркіленді

Аягөз ауданында қалтасына гашиш жасырған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында Аягөз қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 36 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Toyota» автокөлігі тоқтатылды. Тінту барысында азаматтың киген күртешесінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

“Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 367,72 грамм «гашиш» есірткі заты болып табылады. Сұрау алу барысында ұсталған азамат есірткі затын жеке пайдалану үшін сақтағанын айтты” – делінген баспасөз ақпаратында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі – «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санциясымен 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button