ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейлік тұрғынды үйіне келген қонағы тонап кеткен

55 жастағы қала тұрғынын үйіне келген қонақ тонап кеткен, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Семей қ.ПБ Орталық ПБ “102” жедел арнасына 55 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 2021 жылғы 29 қарашада бейтаныс әйелдің үйіне қонақ ретінде келіп, жатын бөлмесінің үстелінен жасырын түрде оның “Samsung” ұялы телефонын, сондай-ақ 200 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 299 000 теңгені құрайды.

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері 48 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғынды ұстады. Әйел өз ісін мойындады, ұрланған зат тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,- делінген ақпаратта.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button