Ауа-райына байланысты «Өскемен-Семей» тасжолы жабылды
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Өскемен-Семей» тасжолында көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Deprecated: Function strftime() is deprecated since 8.1, use IntlDateFormatter::format() instead in /var/www/vhosts/018.kz/semeynews.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x -disabled/qtranslate_core.php on line 713 Deprecated: Function strftime() is deprecated since 8.1, use IntlDateFormatter::format() instead in /var/www/vhosts/018.kz/semeynews.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x -disabled/qtranslate_core.php on line 750
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты сағат 10.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.
Сондай-ақ «Семей-РФ шекарасы» тасжолында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығы) автобустар мен жүк көліктерінің қатынауына шектеу қойылды.
Semeynews.kz



