
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлеріне 43 жастағы ауыл тұрғынының есірткі заттарын сақтайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Алынған ақпаратты тексеру барысында аталған ер адам анықталды, оның гаражын жедел тінту кезінде жазғы аяқ киім ішінен өсімдік тектес, қоңыр-жасыл түсті, ерекше иісі бар қағаз орама табылды. Аталған орама тәркіленіп, сараптамаға жолданды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 0,20 грамм “кептірілген марихуана” болып табылды.
– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды, – деді ведомствода.
Осы баптың санкциясы қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.
Semeynews.kz