Covid-19ҚоғамСемейТОП

Семейде COVID-19-ға қарсы 570 төсек-орын бар

Семей қаласында короновирус инфекциясын емдеуге 570 төсек-орын орналастырылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Науқастардың жүктемесі 16%-ы немесе 91 төсек-орынды құрайды, жансақтау орындары – 74, 14 төсек-орында науқас жатыр немесе 18,9%-ды құрайды. Медицина қызметкерлер 100% жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов айтып өтті.

  • Қалада 7 КТ аппараты, сондай-ақ қала стационарларында 12 рентген аппараты, 7 жасанды өкпе желдеткіші, 57 инфузомат аппараттары, 89 манитор бар. 232 данада оттегі концентраттары, иммунды плазманың 1300 дозасы бар. Қазіргі уақытта Семей қаласындағы қан орталығында қолдануға дайын 808 иммунды дозасы сақталуда, – деп айтып өтті қала әкімі.

Сонымен қатар қалада балаларды, жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді тиімділігі жоғары Pfizer вакцинасымен вакцианациялау кампаниясы жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button