
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінде ақпаратты растады, алайда, ҚР ҚК 201-бабына сілтеме жасап, оқиға туралы толықтай мәліметтер берілмеді.
“21 желтоқсанда қалалық ПБ Орталық ПБ аталған факті бойынша ҚР ҚК 104-бабы (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – деп түсіндірді қалалық полиция басқармасында.
Бейресми ақпараттар бойынша, жеңіл көлік 20 жастағы жолаушы бойжеткенмен бірге су астына батып кеткен, ал жүргізуші шығып үлгерген.
Semeynews.kz