ШҚОҚоғамҚылмысСкандалТОПШҚО

ШҚО полиция департаментінде полиция қызметкерінің қатысуымен пышақтау болған қауесетерге түсінік берді

Оқиға қараша айының соңында Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында орын алған, деп хабарлайды Semeynews.kz Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерге сүйенсек, оқиға 28 қарашада түн ортасында Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында орын алған. Тарбағатай ПБ полиция старшинасы алкогольді масаң күйде ер адамды пышақтаған. Сонымен қатар полицейлер пышақтап қана қоймай, осы фактіні жасырмақ болған.

“Аталған фактіні жедел кезекші жасырған және тіркемеген. Азаматтан арызды қабылдамай қойған. Осыған байланысты жәбірленушінің 2021 жылғы 30 қарашада прокуратура органдарына арыз жазуына тура келді. Осы факті бойынша ШҚО ПД қызметтік тексеріс жүргізілді, ол туралы министрге хабарланды. Тәртіптік комиссиясының шешімімен жауапты Тарбағатай БП орынбасары Кошибаев лауазымынан босатылды, старшина Д.Қамзин, учаскелік инспектор Қалмұханбетов, жүргізуші Аманжолұлы, жедел кезекші Рахимбеков ішкі істер органдарынан теріс қылықтар бойынша қызметтен босатылды”, – делінген жарияланған хабарламада.

Жағдай Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінде түсіндірді.

“Ағымдағы жылдың қараша айында Тарбағатай аудандық ПБ полиция қызметкерінің құқыққа қайшы әрекеті туралы белгілі болды. Ол қызметтен тыс уақытта осы ауданның тұрғыны, бұрынғы танысымен жанжалдасып, оған қатысты бұзақылық әрекеттер жасаған. Осы фактіге біз қолма-қол әрекет еттік, және сол күні, 30 қарашада аталған қызметкер ішкі істер органдарынан теріс қылықтар бойынша қызметтен босатылды”, – деп түсіндірді полиция департаментінде.

Сонымен қатар ШҚО ПД баспасөз қызметінде қазіргі уақытта қызметтен босатылған полицейге қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Айтып өтейік, ҚР ҚК 293-бабы – “Бұзақылық”, оның санкциясы 2 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеуді немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар ішкі істер органдарынан тағы үш полицей қызметтен босатылды. Олар осы факті бойынша тиісті шара қабылдау үшін оны уақытылы тіркемеген.

“Пышақтауға” тоқталсақ, ШҚО ПД баспасөз қызметі полицей пышақ алып шықты деген қауесетті жоққа шығарды.

“Ондай факті болған жоқ, пышақтау фактісі бойынша ешкім ауруханаға түскен жоқ”, – деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button