ШҚОҚоғамТәуелсіздікке 30 жылТОПШҚО

ШҚО-да Тәуелсіздік күні 50 нәресте дүниеге келді

Шығыс Қазақстанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы күні 50 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Еліміздің Тәуелсіздігі күні, 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында, Семей қаласындағы перинаталды орталығында, Өскемендегі Ана мен бала орталығында, Аягөз, Зайсан, Алтай, сондай-ақ Бородулиха және Көкпекті аудандық ауруханаларында 50 нәресте дүние есігін ашты.

  • Тәуелсіздік күні нәрестемнің дүниеге келгеніне мен өте қуаныштымын. Тәуелсіздік күні біз үшін әрқашан қасиетті мереке, ал бүгін атаулы күн, Тәуелсіздікке 30 жыл. Біздің үлкен отбасымыз үшін осы күні екі мереке болады. Баршаңызды меркемен құттықтаймын, ашық аспан, отбасыларыңызға бақыт тілеймін, – деп бөлісті жас аналардың бірі.

Айтып өтейік, жыл басынан бастап облысымызда 22 000 нәресте дүние есігін ашты. Жалпы болжам бойынша 22 800 нәресте күтілген болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button