ҚоғамСемейТәуелсіздікке 30 жылТОП

Семейде Ұшақтар кентінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы күні жаңа пәтерлердің кілттері табысталды

Қоныс тойларын тойлаушыларға пәтер кілттерін табыстау салтанатына Семей әкімі Бақытжан Байахметов қатысты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

  • «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгін біз жаңа қоныс иелеріне кілттерін тапсырамыз. Оларға жаңа мекендерінде бақыт тілеймін және осы атаулы күнмен құттықтаймын, – деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Мереке күні жаңа пәтер кілттері 20 қоныс иелеріне табысталды.

  • Биылғы жылы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 40 пәтер салынды. Бүгін 20 пәтердің кілті табысталды. Тәуелсіздік күні қоныс тойын тойлау өте тамаша, – деді «ЖАНСЕРІК К.А.» ЖШС құрылыс компаниясының басшысы Қайырлы Қасенов.

Көпбалалы ана Үміт Қырғызова бірнеше жыл тұрғын үй кезегінде тұрған, қазір қоныс тойын тойлауда.

  • Мен көпбалалы анамын, менің төрт балам бар. Қуанышымда шек жоқ, бүгін бізге көп күткен жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Мен төрт жыл шамасында кезекте тұрған болатынмын, – деп қуанышымен бөлісті Үміт Қырғызова.

Жалпы, бүгінгі таңда қала бойынша 12 200 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

  • Бұгін біз «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді бөлдік, 16 көпбалалы отбасын және төрт әлеуметтік-осал тұстағы отбасын Ұшақтар кентінде тұрғын үймен қамтамасыз еттік. Жыл соңына дейін тағы 20 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда, олар: көпбалалы отбасылар – 10, әлеуметтік-осал топтағы отбасылар – 10. 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қарағайлы ықшам ауданынан тағы 128 пәтер бөлеміз. Тұрғын үймен 32 көпбалалы отбасы, 25 жетім балалар және 71 халықтың әлеуметтік-осал тобындағы отбасылар қамтамасыз етіледі, – деді ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button