Шығыс Қазақстан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кең көлемде тойлауда
Бүгін мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Атаулы мерекені Шығыс Қазақстан облысы кең ауқымда атап өтуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мереке қарсаңында Өскеменде Тәуелсіздік Монументі ашылды, оның биіктігі 16 метр. Монументтің шыңына Қазақ хандығының негізін қалаған – Керей мен Жәнібек, орталық бөлігінде үш жоғарғы бидің – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би мүміндері орналасқан, ал төменгі бөлігінде Қазақстан даму тарихының баральефі орналастырылған. Сондай-ақ монументте Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты» деген дәйексөзі үш тілде ойылып жазылды. Монументтің ашылу салтанатына ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қатысты.
Мереке қарсаңында облыстағы қалалар мен аудандарда әлеуметтік нысандардың ашу, Тәуелсіздіктің қалыптасуына және облысымыздың дамуына үлес қосқан тұрғындарды марапаттау салтанаттары өтті.
Алтай ауданында көлемді мерекелік шаралар өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан орталығында балалар кітапханасы ашылды. Енді қаланың солтүстік бөлігіндегі және ГРП шағын ауданындағы балалар өздерінің бос уақыттарын оқу залында өткізе алады. Жаңартылған орын-жай қонақтарды өзінің безендірілген кең залдарымен және жаңа кітапхана қорымен қарсы алды. Бұл жерде шығармашылықты дамытуға және бас уақыттарын өткізуге барлық жағдайлар жасалған.
Алтай ауданының Бородино ауылында мерекелік жиын өтті, аудан басшысы Қалиқан Байгонусов жиналғандарды мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні әр қазақстандықтар үшін және әлемдік қауымдастықтар үшін маңызды екенін атап өтті. Тұрғындарда зор денсаулық, бәйбітшілік пен келісім тіледі және «Бородина» ЖШС шаруа қожалығының директоры Қайрат Бөкежановқа алғыс хат табыстады. Қайрат Қалибекұлы өмірінің 22 жылын ауыл шаруашылығына арнады, ауылдың әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөлді. Сонымен қатар, «Бородино» ЖШС, Бородино орта мектебінің педагогтары алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекеге орай Алтай ауданының тұрғындары ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың қолынан мемлекеттік наградалар алды. Өз құттықтау сөзінде Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қол жеткізген негізгі жетістіктеріне тоқталды, ШҚО тұрғындарының қосқан үлестерінсіз саяси, әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін емес екенін атап өтті. «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Нивы Чапаево» ЖШС директоры Жанатбек Бұғыбаев, «Қазмырыш» ЖШС «Алтай» тау-кен байыту комбинаты директорының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары Ерлыхан Қабдуәлиев марапатталды.
Белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін «шапағат» мемлекеттік наградасымен «Агро-Алтай» ЖШС директоры, «Алтай» шаруа қожалығының басшысы Николай Шапорев марапатталды. Еңбегі үшін мақтау қағазымен Алтай ауданының ауданаралық ауруханасының дәрігер акушер-гинекологы Елена Ложкина марапатталды.
Өз кезегінде, Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байгонусовқа мереке қарсаңында «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді. Аудан басшысы қызметі ШҚО даниал Ахметовпен жоғары бағаланды.
- Сіздің тәжірибеңіздің және кәсіби біліктілігіңіздің арқасында біз жаңа қазақстандық ұрпақты тәрбиелеудеміз, аграрлық және өндірістік секторларымызды нығайтып, өңірдің әлеуметтік саласын дамытудамыз. Сіз қоғамдық келісімді сақтау және азаматтық секторды дамыту үшін табанды еңбек етудесіз. Сізге алғысымыз шексіз, – деді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы «Құндыз» ЖШС филиалының директоры Владимир Дериглазов берілді, ол Алтай ауданының құрылуы, оның өнеркәсіптік дамуының басында тұрды.
Алтай ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы тағы бір жағымды сәттермен есте қалды – екі отбасы жаңа қоныс кілтін алды. Бұл күні Семей қаласында тағы 20 адам қоныс тойын тойлады.
Ұлан ауданындағы Герасимовка екі нысанның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жергілікті тұрғындар үшін жаңа жеке меншік бала-бақша ашылды. Кәсіпкер Ильяс Төлегенов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде қараусыз қалған бұрынғы бала-бақша ғимаратын сатып алып, оған жалпы сомасы 50 млн теңгеге күрделі жөндеу жасады. Қазір бала-бақшада 25 жұмыс орны пайда болды, 8 топ ашылды, 105 бала қамтылды. Сонымен қатар ауылда орталық су құбыры ашылды, ол 400 ауланы таза ауыз сумен қамтиды. Жоба «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша іске асырылды.
Осы ауданның Сағыр ауылында Тәуелсіздік күніне орай отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұрынғы фелдьшер-акушерлік пунктінің 1981 жылғы ғимаратына 90 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа жабдықтар мен жиһаздар әкелінді. Отбасылық-дәрігерлік амбулатория барлық округтің тұрғындарына қызмет көрсететін болады.
Айтуыл күні Жарма ауданында қуаттылы 30 МВт жел электрстансасы іске қосылды. Жобаны іске қосу экологиялық таза әдіспен өңірді үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ол «Жасыл экономиканың» ірі жобаларының бірі. Жалпы инвестиция құны 7,4 млрд теңгені құрады, 8 жұмыс орны пайда болды.
Облыстағы қалалар мен аудандарда патриоттық акциялар өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған автошеру болды. Бұдан бөлек, ШҚО тұрғындарымен «Менің Тәуелсіздік символдарым» атты акция қолдау тауып, әр пәтердің қылтималарында мемлекеттік тулар ілінді.
Мерекеге арнап спорттық жарыстарда ұйымдастырылды. Алтай ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында волейбол біріншілігі өтті. Риддер қаласында Матренин Соколок жотасында сноубордт жарысы ұйымдастырылды. Өскеменде теннистен Masters 10&Under республикалық турнирі өтуде, сондай-ақ ашық және жабық орын-жайларда қысқы президенттік көпсайыс өтуде.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап Шығыс Қазақстанда 140-тан астам іс-шара өтті, 70-тен астам нысан ашылды, жекелей алғанда олардың 65-і жаңа нысандар.
Semeynews.kz