ШҚОҚоғамМерекеТәуелсіздікке 30 жылТОП

Жарма ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай жел электр стансасы ашылды

Инвестициялық қаражатқа іске асырылған жобаның құны - 7 млрд.400 млн. теңге, қуаттылығы 30 МВт құрайды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – ел өміріндегі аса маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Мерекеге орай, Жарма ауданында бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылды.
Аудан аумағындағы Жаңғызтөбе кентінде «Жасыл экономика» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жел энергиясын түрлендіруге арналған бірінші жел электр станциясының салтанатты ашылуы өтті.


– Бұл Жарма ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан екінші инвестициялық жоба,  – деп атап өтті жоба жетекшісі, «Чарск ветер» ЖШС директоры Данияр Сейтенов.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Мұстафин қатысты.
Аудан басшысы жаңа инвестициялық технологияның маңыздылығын атап өтіп, жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button