ШҚОМәдениетҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да ірі өндіріс нысандары айналасында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда

Жарма ауданының Әуезов кентінде жақында жаңа мәдениет үйі ашылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жаңадан бой көтерген ғимаратта көрермен залы және кітапхана, барлық шығармашылық топтардың жұмыс істеулеріне арналған орынжайлар, хореографиялық зал орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапары шеңберінде жаңадан салынған ғимаратта болып, жоғары баға берді. Сонымен қатар облыс басшысы Бақыршық кен өндіру кәсіпорнында болды. Кәсіпорын басшылығымен біздің уәкілетті орталықтар осы жоба үшін мамандарды оқытып, оларды қайта даярлауға дайын екендігі туралы келісім жасасты.

– Сонымен қатар, облыс әкімдігі өз тарапынан жұмысшыларға «Отбасы банкі» арқылы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша несиеге тұрғын үй салып беруге дайын, – деп атап өтті өңір басшысы. – Бұл жерге ай сайын вахталық әдіспен 400-ден астам қызметкер келеді, оларға бұл жерде тұрулары және демалулары үшін жақсы кешен салынды. Бірақ біз, адамдар кентте қалулары үшін тұрғын үйлер салуға дайынбыз.

Сонымен қатар облыс әкімі қарқынды селекциялық жұмыстар жүргізіліп жатқан «Шалабай» шаруа қожалығында болып қайтты. Канадалық технология бойынша бұқаларды бордақылау асыл тұқымды ірі қара мал санын арттыруға мүмкіндік береді. Ал агроөнеркәсіп саласына жаңа әдістерді енгізі біздің өнімдерді бәсекеге қабілетті етеді.

 

Шалабай кентінің әлеуметтік саласына тоқталсақ, облыс әкімі Даниал Ахметов мәдениет үйін қайта жаңартуға тапсырма берді. Сонымен қатар, өңір басшысы жаңа оқу жылына дейін күрделі жөндеуден өткен мектепке барды. Облыс әкімі бұл жерде балалар мен жасөспірімдердің жаппай спортпен шұғылдануларына жағдай жасалғанын атап өтті. Мектептің өзінің хоккей командасы, бокспен шұғылданатын залы бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button