Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО
ШҚО-да медициналық ұйым басшыларының балалары Pfizer екпесін алуда
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өңірде "Комирнати" вакцинасының бірінші компонентімен 42 мыңнан астам адам екпе алған, вакцина алғандардың басым бөлігі 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өскеменде вакцинациялау науқаны қарқынды жүргізілуде. Медициналық ұйым басшылары, өзгелерге үлгі болу және пандемиямен күресте вакцинаның тиімділігін көрсету мақсатында өз балаларына екпе қойдыруда.
- Мен Pfizer вакцинасына толықтай сенемін, сондықтан менде ешқандай қорқыныш жоқ. Менің қызым екпе алды, – деп бөлісті Фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Райфа Сафиоллинова.
Райфа Сафиоллинованың 15 жасар қызы Назерке Маратқызыда басқа балаларға екпе алудан қорықпауда үлгі болатынына сенімді.
- Дәрігердің қызы ретінде денсаулықты күту керек екенін мен білемін, өзімді және жақындарымды қорғау тек өз қолымда. Мен Pfizer туралы көп оқыдым, осы вакцинаны алған адамдардың пікірлерін тыңдадым, менің құрбыларым мен достарым да вакцина алды. Екпе алудан қорқатын түк жоқ. Сонымен қатар анам осы туралы бірнеше рет түсіндірме жүргізген, әрине, шешімді өзім қабылдадым, – деді Назерке Маратқызы.
Айта кетейік, Pfizer – Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен мақұлданған бірінші вакцина.
- Біз, ата-аналар, балаларымыздың денсаулығына қамқорлық жасауымыз керек. Сонымен қатар, біз, облыстағы медицина қызметкерлері ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға бірінші болып үлес қосуымыз керек, тек сөзбен ғана емес, оны іс жүзінде көрсетіп, қоғам үшін үлгі болуымыз керек. Сөз арасында айта кетейін, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының Фтизиопульмонологиялық орталығында балаларды вакцинациялау туралы кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатынбыз, міне, сөзсіз, нәтиже беруде, – деп қорытындылады Райфа Сафиоллинова.
Сондай-ақ вакцинаның бірінші компонентін өңірде үш мыңға жуық бала емізетін әйелдер және мыңға жуық жүкті әйелдер алды.
Semeynews.kz