ШҚО-да «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты дөңгелек үстел өтті
Облыс орталығында А.С.Пушкин атындағы кітапханада «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында Шығыс Қазақстанда облыс орталығында еріктілер қозғалысының көшбасшыларымен және «Jas Otan» жастар қанаты белсенділерімен кездесу өтті.
А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара жастар ресурстық орталығымен ұйымдастырылды. Оған МРЦ мамандар мен басшылығы, кітапханашылар, «Мейірім» еріктілер қозғалысының көшбасшылары, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктерін талдау, жастарды отандық құндылықтар мен мұраны сақтауға шақыру, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру.
ШҚО Жастар ресурсы орталығының басшысы Арайлым Есімбекованың айтуынша, тәуелсіздік ұлттық жаңғырудың болашағын ашты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен берік, тұрақты, әрі жылдам дамып келе жатқан мемлекет құрылды және жас ұрпаққа жақсы мүмкіндіктер берді.
- Бізден үнемі, неліктен барлық жерде тек жастарды ғана марапаттайды? деп сұрайды, – деп бөлісті Арайлым Есімбекова. – Біз әрқашан, елдің болашағы жастардың қолында деген жауап береміз. Сондықтан, біз, аға буын, Қазақстанның жас азаматтарын дұрыс бағытқа қоюға және оларды дұрыс бағыттармен тәрбиелеуге, олардың жетістіктерін үнемі белгілеп отыруға міндеттіміз.
Дөңгелек үстел барысында жастар Қазақстанның 30 жылдағы жетістіктері туралы пікірлерімен және өз елі үшін қандай үлес қосқандары туралы бөлісті. Олардың ойларынша, лайықты білім алғандар енді ел үшін аянбай еңбек етіп, мемлекетіміздің дамуы үшін өз үлестерін қосуда.
- Біз не аламыз деп ойламауымыз керек. Біз адамдарға, қоғамға не береміз, еліміздің гүлденуі үшін не істейміз деп ойлауымыз керек, – деп түсіндірді еріктілердің бірі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ІІІ курс студенті Ұлан Көшербай. – Бізде, жастарда, барлық мүмкіндіктер, күшіміз, ең бастысы – уақыт бар.
Кездесу соңында Өскеменнің үздік еріктілеріне Республикалық еріктілер ұйымының атынан мақтау қағаздары табысталды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар, осындай іс-шаралар Тәуелсіздіктің 30-жылдығын мерекелеу шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында өтеді деп айтып өтті.
Semeynews.kz