МәдениетҚоғамСемейТәуелсіздікке 30 жылТОП

Тәуелсіздік жылдарында ШҚО-да музейлер қарқынды дамыды

Еліміз егемендік алғаннан бастап Семейдегі Абай "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі де бірқатар өзгерістерге ұшырады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт аралығында еліміздегі өмірдің бірқатар салаларында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдарында Семейдегі Абай музейі де бірқатар өзгерістерге ұшырады. Жыл сайын музейдегі бөлімшелер саны өсіп, ал экспозициялар жаңа бірегей жәдігерлермен толықтырылуда. Уақыт өте келе музейдің сыртқы келбеті де өзгерді. Бүгінде ол заманауи ғимарат, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған: музейдің барлық бөлмелеріне сенсорлы экрандар орнатылған, ал музыка залында келушілер тіпті ұсынылған аспаптардың дыбыстарын ести алады.

  • Биылғы жылы еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде біздің музей қарқынды дамыды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ол музей-қорық ретінде қайта құрылды. Біздегі бөлімшелердің көбісі сол уақыттарда ашылды. Бүгін біз Қазақстандағы ең ірі музейлердің қатарындамыз. Ұлы Абайдың 150-жылдығы, кейіннен 175-жылдығында бізге мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетілді. Маңызды іс-шаралар өткізілді, музейде қосымша құрылыстар пайда болды, Абай-Шәкәрім кесенесіне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді және бүгінде кесене көптеген қазақстандықтар үшін қажылық орны болып табылады. Биылғы жылы өзгерістер мұражайдың экспозициясына да әсер етті, – деді Абай музейінің директоры Мейрамгүл Қайрамбаева.

Қазіргі заман келушісіне – заманауи музей. Мекеме басшысы осындай ұстанымды ұстайды. Келушілерге арнап барлық қажетті техникалық жаңашылдықтар орнатылған. Музейдің барлық залында үш тілде мәлімет беретін ақпараттық тақталар орнатылған, бірақ экспонат туралы толықтай мәліметтерді келушілер QR-кодты сканерлеу арқылы біле алады. Сонымен қатар бұл жерде экскурсоводты келушінің қалауы бойынша аудиогид алмастыра алады. Сондай-ақ музейдің барлық залдарында Touch-экрандар орнатылған. Бірақ музейдің басты көз тартатын құндылықтары олар – музейдегі жәдігерлер. Келушілердің назарына Абайдың көзі тірісінде, өз қолымен өлкетану музейіне табыстаған экспонаттары ұсынылды. Сондай-ақ бұл жерде келушілер Абайдың қара сөздерін оқып, ести алады. Музей кішкентай балалар үшін де өте қызықты.  Бұл жерде бүлдіршіндерге арналып қазақ үй үлгісінде жасалған зал жұмыс істейді, ол жерде олар Абайдың әжесі – Зеренің дауысымен ертегілер ести алады және көлеңкелі қуыршақтар театрын тамашалай алады.

Музей аумағыда бірқатар өзгерістерге ұшырады. Бұл жерде, Ұлы ойшылдың 175-жылдығына орай газондар және гүлдер орнатылды. Ең басты жаңашылдық, ол – Ұлы ақын Абай ұлдарымен ескерткіші. Ол қазір музей аумағындағы негізгі безендіру болып табылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button