ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғыны револьверді көлікте жасырған

Облыс орталығы тұрғынынан заңсыз сақталған револьвер тәркіленді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласы криминалдық полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша тиісті іс-шараларды жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында жедел уәкілдерге Глубокое ауданы тұрғындарының бірі тіркелмеген қаруды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті.
Келіп түскен сигналды тексеру барысында облыс орталығының 59 жастағы тұрғыны анықталды. Оқиға орнын тексеру барысында “Газ-66” автокөлігінің кабинасынан тапаншаға ұқсас зат табылып, тәркіленді.
Сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген зат-ойық атыс қаруы, яғни өздігінен жасалған, калибрі 5,6 мм ойық ұңғылы, зарядты атуға жарамды револьвер болып табылды.


“Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Тәртіп сақшыларымен азаматта қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады”, -деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сонымен қатар, Полиция департаменті полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын түсіндіреді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button