ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО студенттері «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» жеңімпазы танылды

Қараша айында Қазақстанда «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» кәсіби шеберліктің республикалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Чемпионат екі жүзден астам колледж студенттерінің басын қосты. Көлемді бәсекеге Шығыс Қазақстан облысының студенттері де қатысты. Семей бизнес және сервис колледжінің студенттері төрт медаль алды, екі алтын және екі күміс медаль. Жалпыкомандалық есеп бойынша Шығыс Қазақстан облысы бірінші орынды жеңіп алды. Барлығы ШҚО студенттері 27 медаль жеңіп алды: 13 алтын, 5 күміс және 9 қола.

  • «WORLDSKILLS» чемпионаты Қазақстанда міне жетінші рет өтуде. Оған түрлі мамандықтардағы колледж студенттері қатысады және олардың саны жыл сайын өсіп келеді. Биылғы жылы облысымыздан дәнекер жұмыстары, ағаш ұстасы, қонақүй бизнесі және тағыда басқа мамандықтардағы 60-қа жуық студент қатысты. Біздің колледж аталған чемпионатқа тұрақты түрде қатысып келеді. Мен «визуальды мерчендайзинг және витринистика» құзыреті бойынша дайындадым. Бастапқыда облыстық кезеңнен өттік, ал содан кейін республикаға жолдама алдық, – деді студенттердің тәлімгері Александр Белов.

Өткен жылдарда Чемпионат тек бір қалада өткен болатын және барлық құзырет өкілдері бір орын-жайда бәсекелескен. Биылғы жылы осындай кептелістерді болдырмау үшін Чемпионатты Қазақстанның бірнеше қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.

  • Біз «витринистика» құзыреті бойынша Алматы қаласында өнер көрсеттік. 11 қатысушының арасында біздің студент бірінші орын алды. Екі жеңімпаз болды. Біздің қатысушы және Қарағанды қаласының студенті бірдей балл жинады. Біз бірінші орын алғанымызды соңына дейін білген жоқпыз. Бізге тек жүлделі орын алғанымызды ғана айтты, ал қандай орын алғанымызды тек марапаттауда білдік. Сонымен қатар біздің студенттер «мейрамхана бизнесі», «тігін ісі» және «қонақүй бизнесі» құзыреттері бойынша қатысты. «Мейрамхана бизнесі» бойыншада біздің балалар бірінші орын алды. Қалған екі құзырет бойынша қола жүлде алды. Олар басқа қалада өнер көрсетті, – деп қосымшалады Александр Белов.

Чемпионат жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 10 желтоқсанда өтті.

Жоғары дәрежелі наградалармен марапатталды:

Ткачманова Евгения Евгеньевна, «Бизнеске арналған IT шешімдер» құзыреттілігі бойынша, Өскемен экономика-қаржы колледжінің студенті;

Сарсембаев Диас Болатбекұлы, «Кірпішпен қалау» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының Құрылыс колледжінің студенті;

Гулида Кристина Михайловна, «Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі бойынша, Бизнес және сервис колледжінің студенті;

Зиядабек Досхан Санақбекұлы, «Электроника» құзыреттілігі бойынша, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

Ануарбеков Мерей Бауржанович, «Визуальды мерчандайзинг» құзыреттілігі бойынша, Бизнес және сервис колледжінің студенті;

Нурикенов Ерасыл Айбекович, Құрманбеков Ернияз Дайынбекұлы, «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенттері;

Бөкен Қуаныш Дәуренұлы, «CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігі бойынша, Радиотехника және байланыс колледжінің студенті;

Әскерханов Әли Абайханұлы, «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенті;

Ерболатулы Мирас, «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

Қанат Өмірбек, «Өндірістік автоматика» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенті;

Күміс медаль:

Дәукенов Ерлік Ерікұлы, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

Оспанов Адиль Нурлыбекович, Колодкина Алина Константиновна «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенттері;

Бекбосынов Кайырбек Жумабекович, «Ғаламтор заттары» құзыреттілігі бойынша, Радиотехника және байланыс колледжінің студенті;

Шотанова Назерке Асхатқызы, «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті;

Казанцев Егор Алексеевич, «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

Молдабаева Диляра Нурлановна, «Зертханалық және химиялық талдау» құзыреттілігі бойынша, «KazMinerals Актогай» қызметкері;

Қола жүлдегерлері:

Серікқызы Күнім, «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша, Бизнес және сервис колледжінің студенті;

Жақсыбаева Аружан Жасұланқызы, «Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті;

Апакова Вера Ильинична, «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша, Бизнес және сервис колледжінің студенті;

Мухортов Никита Александрович, «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», құзыреттілігі бойынша, Радиотехника және байланыс колледжінің студенті;

Портнова Юлия Денисовна, «Бояу және әрлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының Құрылыс колледжінің студенті;

Орлов Иван Сергеевич, «Плиткамен қаптау» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының Құрылыс колледжінің студенті;

Мищенко Елена Никоноровна, «Флористика» құзыреттілігі бойынша,  Бесқарағай колледжінің студенті;

Амирбек Қыдырәлі Берікұлы, «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің студенті;

Аманғалиев Аман Дәулетұлы, «Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының Көлік колледжі студенті.

Жеңімпаздар келесі жылы Шанхай қаласында (Қытай) өтетін WorldSkills Competition кәсіби шеберлігі бойынша 46-шы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Қатысушыларға және олардың тәлімгерлеріне тағы да шынайы құттықтауымызды білдіреміз!

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button