Қала тарихыҚоғамСемейТәуелсіздікке 30 жылТОП

Тәуелсіздікке және Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл

Семейде Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және Семей сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл күні “Невада-Семей” қозғалысының қатысушылары, ардагерлер, белсенділер, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар қауымдастығының президенті және “Невада-Семей” қозғалысының вице-президенті Султан Картоев іс-шараның қонақтары болды.

Іс-шара барысында “Семей ядролық полигоны. Өз стратегиясы” фильмі көрсетілді. Фильмде полигонның қорқыныштарын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар оның салдарын, оларды жою, “Невада-Семей” қозғалысының пайда болуы көрсетілді.

Султан Картоев залдағы жастарға фильмде көрсетілген жазбалар туралы толығырақ мәліметтер берді, антиядролық қозғалысқа қатысқанымен бөлісті және бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Кездесуге сонымен қатар Шәкәрім атындағы университеттің филалогия факультетінің студенттері қатысып, іс-шараның маңыздылығын, туған өлке тарихын тереңірек білуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Semeynews.kz.

Осы айдарда

Back to top button