
Еліміздің білім беру жүйесі Тәуелсіздік жылдарында үлкен өзгерістерге ұшырады, мектепке дейінгі балаларды ұйымдастырудан бастап мектеп жүйесінде реформалау жүрді. Бала-бақшалардың, шағын орталықтардың ашылуы, мемлекеттік-жеке серіктестіктің дамуы, халықаралық тәжірибелерді зерделеу және оларды енгізу бүгінгі күні қазақстандықтардың ерте жастан бастап тіл меңгерулеріне, ІТ-технологияларын, робототехниканы игерулеріне және әлемдік деңгейлердегі олимпиадалар мен байқауларда өз елінің намысын қорғауға көп мүмкіндік беруде. Осы салада мемлекеттік бағдарламаларды игеруде Шығыс Қазақстан облысы үлгі болды.
90 жылдардың алғашқы жартысында жүргізілген мектепке дейінгі білім беруді оңтайландыру өңірдегі білім саласы үшін маңызды сынақ болды. Сол уақытта бала-бақшалардың саны 896-дан 62-ге дейін қысқарды.
«Бала-бақшаға барамыз» және «Балапан» бағдарламаларын қабылдағаннан кейін түбегейлі өзгерістер орын ала бастады, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар жүз пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.
Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, 33 мың балаға арналған 278 бала-бақша салынып, қалпына келтірілген. Жеке меншік мектепке дейінгі білім беруде дамыды.
Бүгінгі күні 795 бала-бақша 70 536 баланы қамтуда, олар барлық талаптарға сәйкес келеді.
Тәуелсіздік жылдарында жалпы білім беретін орта мектеп жүйесіде күрделі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы отандық білім берудің бағдаршысы болды. Өңірде 38 145 орынға арналған 147 мектеп бой көтерді. Авариялық жағдайлары және үш ауысыммен оқу мәселесі толықтай шешілді. 2025 жылға дейін тағы 33 мектеп салу жоспарлануда.
Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама бойынша өңірде мемлекеттік тілде білім беретін мектептерді дамыту қолға алынды. 90 жылдардың басында мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің саны 28 пайызды құраса, енді олар 78 пайызды құрады.
Мемлекет тарапынан талантты және дарынды балаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Шығыс Қазақстан облысында дарында балаларға арналған жаңа гимназиялар, лицейлер мен арнайы мектептер, түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды.
Сонымен қатар, білім беруде жаңа технологиялар орталығы ашылды, білім беруге «Информатика» пәні енгізілді, жоғарғы оқу орындар осы мамандықтар бойынша мұғалімдер дайындай бастады, мектептер компьютерлік техникалармен және интернетпен жабдықталды.
«Санды Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ақпараттық технологиялар дамуының апогейі болды. Бүгінгі күні облыста орта білім беру жүйесінде үш оқушы бір компьтермен жабдықталған, ал еліміз бойынша бір компьютерге алты оқушы.
Облыстағы, соның ішінде ауылдық барлық білім мекемелері интернетке қосылған. Әр мектепте әлемдік стандартқа сай сандық өнімдерді құрастыру бағдарламасы, 3D модельдеу енгізілген ІТ-сыныптары ашылды.
Шығыс Қазақстан облысы 2019 жылы аяқталған үш тілде білім берудің пилотты алаңы болды. Бағдарлама шеңберінде бірқатар мектептер желісінде орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде білім беру дамыды.
Ұстаздардың біліктіліктерін арттыруға басты назар аударылды. Үш жыл ішінде 3 700 тіл мұғалімдері біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті. Облыстағы мектеп оқушыларына халықаралық олимпиадаларға және байқауларға қатысу мүмкіндіктері пайда болды, ол жерде облысымыздың оқушылары еліміздің намысын шет ел тілдерінде қорғады.
Облыс аумағында 114 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді және мектеп оқушыларының 90 пайызын (173 мың) қамтиды. 6 669 спорттық үйірмеде балалардың 56 пайызы тегін жаттығады.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беруде түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Егер, 90 жылдары облыс аумағында 27 арнайы мектеп-интернаттары жұмыс істесе, инклюзивті білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқасында олардың саны екі есеге артты. Мүмкіндігі шектелген балалар қарапайым және ересек өмірге арналған әлеуметтендірілген мектептерде сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Бүгінгі күні облысымыздағы барлық 664 меткепте инклюзивті білім беруге жағдай жасалған, 16 психологиялық-педагогикалық түзету және 75 инклюзивті қолдау кабинеттері жұмыс істейді.
Semeynews.kz