ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да 18 мың бейнебақылау камералары орнатылды

"Сергек" камералары Шығыс Қазақстандағы көптеген жол қозғалысы ережелерін бұзуды және әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтауға көп септігін тигізеді, деп хабарлайды Semeynews.kz облыстық ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Өскеменде “Сергек” аппаратты-бағдарлама кешені 2019 жылдан бастап сәтті жұмыс істеуде. Осындай жобаны Семейде жүзеге асыру жоспарланған. “Сергек” АБК жұмысы туралы баспасөз-конференция барысында ШҚО цифрлендіру басқармасының басшысы марина Гагарина айтып өтті.
Биылғы жылы “Сергек” камераларының арқасында 150 мыңнан астам жол ережелерін бұзу белгіленді, 2020 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артық. Сол уақытта 115 мың бұзушылық болған.
Сонымен қатар, жыл басынан бастап “Сергек” камералары арқасында 9 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, 2020 жылмен салыстырғанда 17 пайызға көп. 137 қылмыстық іс ашылды. “Сергек” АБК Семейде іске қосы жоспарлануда. Камералар 74 қиылысты, 40 желілік учаскелерді қамтитын болады. Барлығы 1390 камера орнатылады.
– Камераларды орнату орындары бекітілген, “пилотты” режимде 10 орындағы 20 камера орнатылды. олардың барлығы ШҚО әкімінің ситуациалық орталығымен байланыстырылған, – деді Марина Гагарина.
Бұдан бөлек,аймақта  бейнеманиторингтің ұлттық жүйе жобасы жүзеге асырылуда, оған сәйкес Полиция департаменті бейнебақылау камераларын көбейту, сондай-ақ барлық камераларды байланыстыру бойынша Жол картасын әзірлеуде. Мониторинг жүйесіне барлық нысандар, соның ішінде сауда-сауық орталықтары да қосылады. Жалпы алғанда, бүгінгі күні Шығыс Қазақстанда 18 мың бейнебақылау камералары орнатылған.
Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button