ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да азаматтық некедегі күйеуі баласын ұрып-соққан

2021 жылдың 6 желтоқсанында Өскемен қаласының балалар ауруханасына "Беттің жұмсақ тіндерінің соғылуы және бас миының шайқалуы" диагнозы қойылған жеті жасар бала жеткізілген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, баланы анасының 42 жастағы азаматтық некедегі жолдасы ұрып-соққан.
Полиция қызметкерлері тексеру жүргізу барысында анықтағандай, бұл отбасының асырауында кәмелетке толмаған төрт бала бар, алайда екі жұп ресми түрде некеде тұрмайтыны да белгілі болған. 6 желтоқсанда балалардың анасы жұмысқа кеткен, ал «отағасы» жұмыс істемейтіндіктен балаларымен үйде қалған.
Үйге кеш оралған, әйел ұлының дене жарақатын көріп, дереу учаскелік полиция инспекторына хабарласқан, ол дереу жедел-жәрдем шақырып, баланы ауруханаға жеткізуді өтінген.
Тексеру барысында анасы айтқандай, күйеуі мас күйінде оған бағынбаған баланың бетіне жұдырық жіберген. Нәтижесінде бала осы дене жарақатын алған.
«Қазіргі уақытта ер адамға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылып, сондай-ақ ҚР ӘҚБК 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданған-деп хабарлады Өскемен қ. ПБ ақпарат бөлімі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button