ШҚОҚоғамҚылмысСемейТОПШҚО

ШҚО-да мал ұрлығы ашылды

Үржар ауданында жылқы малын ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 23 қарашасында жедел профилактикалық іс-шара барысында Үржар ауданының полиция қызметкерлеріне ауданның 53 жастағы тұрғынының мал ұрлығын жасағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 22-23 қарашасына қараған түні Үржар ауданының ауылдарының бірінде бұрын сотты болған ер адам жасырын түрде бөтен үйдің жанында орналасқан сарайына заңсыз кіріп, 600 000 теңгеге бағаланатын биені ұрлап кеткен.

«Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 3-бөлігіне сәйкес мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», делінген ақпаратта.

Осы баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button