
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, түнде Тарбағатай ауданы Екпін ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде пішен өрт шыққан. 175 тонна оралған шөп өртенуде.
Өрт сөндіруге жеке құрамнан 8 адам және 3 бірліктегі техника, шаруа қожалықтан 1 трактор жұмылдырылды.
Өрт 07 сағат 52 минутта оқшауланды. Өрт сөндірушілер оқиға орнында әлі жұмыс жүргізуде, өрттің шығуы анықталуда.
Semeynews.kz