ШҚОҚоғамТәуелсіздікке 30 жылТОПШҚО

ШҚО – да жұмысшы жастар арасында “Қайратты жастар – 2021” байқауы өтті

Шығыс Қазақстанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында  жұмысшы жастар арасындағы "Қайратты жастар - 2021" облыстық байқауы аяқталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Байқау дәстүрге айналып, тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Жыл сайын жарыстарға қатысуға ниет білдірген кәсіпорындар саны артып келеді. Биыл 7 команда өз өнерлерін көрсетті.
Байқауға қала кәсіпорындары ғана емес, аудан кәсіпорындары да қатысты. Атап айтқанда, “Үлбі металлургия зауыты” АҚ, “Өскемен титан-магний комбинаты” АҚ, “Өскемен ЖЭО” ЖШС, “Согра ЖЭО” ЖШС, “Кәсіпқорған” Одағы “Шығыстүстімет” ЖШС, Орлов өндірістік кешені “Шығыстүстімет” ЖШС, “АЭС Шүлбі ГЭС” ЖШС.
– Байқау жастардың шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуға, жас ұрпақты ұлтжандылық пен салауатты өмір салты рухына тәрбиелеуге мүмкіндік береді.  Колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері бүгін жарыс барысында кәсіпорындармен егжей-тегжейлі танысып, қайда жұмыс істегілері келетінін айтты. Тәуелсіздік таңында қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде, қазір жастардың дамуы үшін барлық жағдай жасалған, – деп атап өтті Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.


Байқаудың бірінші кезеңінде командалар кәсіпорындағы Үздік жастар ұйымын анықтау үшін жарысты. Қатысушылар қазылар алқасының мүшелеріне осы ұйымдардың жұмысы туралы портфолио ұсынды. Екінші байқау кезеңінің шарттарына сәйкес командалар әлеуметтік желіде ең көп дауыс жинауы керек болды.  Одан кейін қазылар алқасы жастардың таланттарын бағалайтын шығармашылық байқау өткізді. Ең эмоцияға толы кезең спорттық тимбилдинг болды.


– Бізге сайыс қатты ұнады. Біз оған бірінші жыл емес, бірнеше рет қатысып, жетекші орынға ие болдық. Бұл жолы шамамен бір ай дайындалдық. Біздің қарсыластарымыз да өте мықты, батыл, көңілді жігіттер екен. Менің ойымша, мұндай жарыстардың өткізілуі керек. Бұл арқылы оқуын енді ғана аяқтап жатқан жас жігіттерге біздің тату командада жақсы жұмыс істей алатынымызды көрсетеді, – деді “ӨТМК” АҚ мотивация бөлімінің маманы Махаббат Сығаева.
Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша “Үздік спорттық топ” номинациясында “ӨТМК”АҚ командасы жеңіске жетті. Үздік шығармашылық ұйым ретінде “Шығыстүстімет” ЖШС Орлов өндірістік кешенінен жастар командасы танылды. Олар “Үздік кәсіби бағдарлау бейнеролигі”номинациясының жеңімпаздары атанды. “АЭС Шүлбі ГЭС”ЖШС командасы” “Үздік жастар ұйымы” болып танылды.


Балалар Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қолынан өз марапаттарын алды. Спортшы спорт жастарды тәрбиелеуде өте маңызды екенін, сергектік және түрлі жетістіктерге күш беретіндігін атап өтті.
Сондай-ақ, Ольга Рыпакова Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстанда 400-ден астам спорт нысаны ашылғанын, спортпен жаппай айналысу үшін барлық жағдай жасалғанына ерекше тоқталды.
Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында еріктілер көп. Мысалы, “Өскемен ЖЭО” қызметкерлері “Бір өзен-бір тағдыр” акциясы аясында Ертіс өзенінің жағасын қоқыстан тазартуға қатысса, ал “Өскемен титан – магний комбинатының” еріктілері жыл бойы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесті.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған “Игі істер марафоны” жалпыұлттық жобасын іске асыру қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігіне енді. Өңірде атаулы күнді мерекелеу аясында барлығы 200-ден астам іс-шара өткізіледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button