ДенсаулықҚоғамСемейТәуелсіздікке 30 жылТОП

Семейде «Тең қоғам» оңалту орталығы ашылды

Бұл жерде дамуы төмен балаларға, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына кәсіби мамандар тегін қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін атап өтуде. Тәуелсіздік таңында, Елбасының жігерлі шешімімен Қазақстан әлемде қуатылығы жағынан төртінші орын алатын ядролық қарудан бас тартты. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға болды, соның арқасында қазір еліміздің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Елбасының арқасында ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін барлық шаралар қабылданды.

Бүгін, Тұңғыш Президент күнінде Семейде «Тең  қоғам» оңалту орталығы ашылды. Бұл жерде дамуы төмен балаларға, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына кәсіби мамандар тегін қызмет көрсетеді.

Жоба ШҚО әкімдігі және Халықаралық ЮНИСЕФ балалар қоры ынтымақтастығы шеңберінде жүзеге асырылды. Осының арқасында орталық мамандары кәсіби біліктіліктерін арттырып, келушілерге сапалы сауықтыру, білім беру және оңалту көмектерін көрсетеді.

  • Бүгін бізде ерекше күн – ЮНИСЕФ қорының қолдауымен мүгедек балаларға арналған «Тең қоғам» орталығы ашылды. Бұл жерде балалармен кәсіби мамандар жұмыс істейді. Бұл тек бастамасы. Алдағы уақытта қоғамның игілігі үшін жұмыс істейтін сауықтыру лагерлерін ашу жобасын дамытуды жоспарлаудамыз, – деді орталықтың жетекшісі Анар Сүлейменова.

Орталықтың ашылу маңыздылығын ата-аналардың өздері де атап өтті.

  • Осы орталық көптеген адамдар үшін үлкен тірек болады, әсіресе көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін, сондай-ақ мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылары үшін. Бұл жерде балалар кәсіби мамандардан, атап айтсақ, психологтан, логопедтен, Монтессори әдістемесі мамандарынан тегін негізде қызмет ала алады. Сонымен қатар бұл жерде балаларға сауықтыру массажын алуға болады. Бұл үлкен көмек, өйткені осындай орталықтар қазіргі уақытта өте аз. Көптеген балалар үшін бұл өте қажет мекеме деп ойлаймын, – деді ата-аналардың бірі Еркежан Иманғалиева.

Ата-аналар орталық жетекшісі Анар Сүлейменоваға ерекше алғыстарын білдірді.

  • Биылғы жылы еліміз Тәуелсіздіктің 30-жылдығын атап өтуде. Осыншама уақыт ішінде халқымыз қызметтің әр саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бір жылдан сәл астам уақыт бұрын қаламызда Анар Сүлейменова жетекшілік ететін «Ақ ұлпа аналар» отбасын қолдау орталығы ашылды. Бүгінде ол жерге көпбалалы, аз қамтылған отбасылары және ерекше қажеттіліктері бар адамдар жүгініп, консультациялық, психологиялық және заң көмектерін алады, өмірлік проблемаларын шешеді. Менің ойымша, көп нәрсе басшыға байланысты, себебі осындай нысанның ашылуы көптеген күшті және уақытты талап етеді. Бұл өте қажетті нысан. Бүгін біздің орталықта заманауи спорттық жабдықтармен жабдықталған кабинеті, ұсақ моторика кабинеті және Монтессори кабинеті ашылды. Бұл жерге мүмкіндіктері шектеулі балалар келе алады. Сонымен қатар орталықта іс-шаралар мен байқаулар өткізіледі, оған тек балалар ғана емес, ата-аналар да қатысады. Бүгін ашылып отырған кабинетте балалар сауықтыру емшараларын, массаж қабылдайтын болады. Мен өзім ерекше қажеттілікті талап ететін баланы тәрбиелеп отырмын, бізде осы кабинетке келетін боламыз, – деп бөлісті ата-аналардың бірі Нуриля Хамзина.

Орталықтың ашылу салтанатына Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қатысты.

  • Бүгін, Тұңғыш Президент күні, оңалту орталығының ашылуы біздің қала үшін маңызды оқиға. Оның жұмысы балаларды және ата-аналарды қолдауға бағытталған. Бұл жерде оңалту бойынша барлық қажетті көмектер көрсетіледі. Бұл жерде білікті мамандар жұмыс істейді. Орталық жетекшісінің болашаққа деген үлкен жоспарлары бар, оның барлығын жүзеге асырады деп ойлаймын. Бүгін бізде шынында, жаңа жобалар бастама алатын мерекелік күн. Барлығыңызды меркемен құттықтаймын. Көпбалалы аналарға тілейтінім, қиындықтар туындамасын. Сіздерге осы орталық тірек болсын. Сонымен қатар барлығы отбасынан басталатынын ұмытпауымыз қажет. Сондықтан, балалар өнегелі тәрбие алып, еліміздің лайықты азаматы болады деп үміттенемін, – деп қорытындылады Бақытжан Байахметов.

Еске сала кетейік, Семейде, Кешенді даму жоспары шеңберінде 150 орынға арналған оңалту орталығының құрылысы басталды. Ол жерде мүмкіндігі шектеулі балалар да қызмет алатын болады.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button