ҚоғамМерекеСемейТОП

Семей әкімі қалалықтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады

Семей әкімі Бақытжан Байахметов семейліктерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті семейліктер!⠀

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймын! Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасуы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тікелей байланысты.⠀

Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан 30 жыл ішінде елімізді барша әлем мойындаған еңселі мемлекетке айналдық. Бұл жолда еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі айрықша.

Тұңғыш Президентіміздің қиын-қыстау кезеңдерде ұлт болашағын, халықтың келешегін айқындайтын қадамдары жалпыұлттық тұтастыққа, тұтастық арқылы дамудың даңғыл жолын таңдауымызға темірқазық бола білді. Елбасы татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп, Тәуелісіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін жаһан жұртына танытты.

Тұңғыш Президент күні – әр қазақстандық үшін маңызды дата. Бұл Елбасының жасаған толағай еңбегіне деген құрметтің белгісі.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасы салған жолды жалғастырып келеді.

Осындай атаулы күні баршаңызға зор денсаулық, мол табыс, отбасыларыңызға амандық және молшылық тілеймін!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button