ҚоғамСемейТОП

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Балаларды оңалту орталығында болды

ШҚО әкімі Даниал Ахметов сапар барысында Балаларды оңалту және ерте араласу «Қамқорлық» орталығында болды, деп хабарлайды Semeynews.kz. 

Сапар барысында облыс басшысы Жол картасы шеңберінде көктемде жөндеу жұмыстары аяқталған перинаталды орталықтың № 3 ғимаратында болып қайтты. Елбасының «Қамқорлық» бастамасының ІІ кезеңін және ШҚО әкімінің хаттамалық шешімін жүзеге асыру негізінде ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында «Балаларды оңалту және ерте араласу «Қамқорлық» орталығын» ашу жоспарлануда. Аталған орталық Нұрсұлтан Назарбаев қорының «Қамқорлық» оңалту қорының көмегімен ашылуда. Орталықтағы негізгі медициналық қондырғылар аталған қор есебінен сатып алынды.

  • Балаларды оңалту орталығы үш жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, ерте араласу орталығы туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балаларға есептелген. Бұндағы балалар емдеу ұсынылған шала туған нәрестелер. Егер біз уақытылы оңалту жүргізсек, онда болашақта оларға қосымша емдеу қажет болмайды, – деді перинаталды орталықтың директоры Арқат Дайырбеков.

Облыс әкімі нысанның уақытылы қолданысқа енгізілетінін атап өтіп, атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button